«Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамының жаңа басшысы тағайындалды.
«Павлодар әуежайы» АҚ Директорлар кеңесімен «Павлодар әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Юдин Владимир Ивановичтің зейнетке шығуына байланысты өкілеттігінің тоқтатылуы туралы және «Павлодар әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының лауазымына Шишов Марат Ғалымұлын тағайындау туралы шешім қабылданды (2017 жылғы 31 қаңтардағы «Павлодар әуежайы» АҚ Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасы).