Погода в Павлодаре gismeteo.ru

GISMETEO: Погода по г.Павлодар

 Погода в Астане gismeteo.ru

GISMETEO: Погода по г.Астана

 Курс валют

Курсы валют: курс доллара, курс евро

 Заказ такси

34-34-34


Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету

«Павлодар Әуежайы» АҚ авиакомпанияларға мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың қозғалысына (мүгедектер арбалары, амбулифтер және т.б. ұсыну) көмек көрсету бойынша қызмет ұсынады. Әуежай аумағында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған қызметтер тегін көрсетіледі.

Осы санаттағы азаматтарға қызмет көрсету үшін алдын-ала өтінім беру міндетті шарт болып табылады. Өтінім авиабилет текөрсетілген ұшу/қону уақытына дейін 48 сағат бұрын берілуі тиіс.

Әуежайға келгеннен кейін мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың автомашиналарына арналған вокзал маңы алаңындағы арнайы тұрақта орналасқан шақыру орны арқылы хабарласу, әуежайдың ақпарат бюросына  жүгіну немесе 8 (7182) 661212 телефон нөміріне қоңырау шалу қажет.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған «Павлодар Әуежайы» АҚ жолаушылар терминалы ғимаратының (бұдан әрі – әуежай) жабдықталуы туралы ақпарат):

· Вокзал маңы алаңындағы 2 тұрақ орны;

· Аэровокзал тіркеу тағандарына, авиакассаға, анықтамалық бюроға, дәретханаға апаратын тактильді тақтайшалармен жабдықталған;

· Мүгедектерге арналған арнайы жабдықталған дәретхана бар, ол көмекке шақыру түймесімен жабдықталған;

· Вокзал маңы алаңының аумағы пандустармен жабдықталған.;

· Халықтың аз қозғалатын топтарына қызмет көрсету үшін 3 кресло-арба және 1 қатарлы арба, шынжыр табанды көтергіш бар;

· мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі арнайы оқытылған агенттер жолаушыларды әуежайға келгеннен бастап әуе кемесінің бортына орналастырғанға дейін және әуе кемесінің бортынан жолаушыны қарсы алатын автокөлікке дейін қарсы алады және шығарып салады.;

· Мүгедектігі бар азаматтарға көмек көрсететін медициналық пункт және медициналық қызметкерлер бар. 

Төмендегі ақпаратты оқып шығыңыз, бұл Сіздің сапарыңызды ыңғайлы және жағымды етеді:

Сапарға дайындық

Сіз немесе Сіздің отбасыңыз осы санаттағы жолаушылар қатарына жатсаңыздар және ұшуды жоспарласаңыздар, авиабилеттерді брондау және сатып алу кезінде міндетті түрде  сізге әуежайда және ұшу кезінде арнайы қызмет және көмек керек екенін хабарлаңыз. Осы қызметтер қажет болған жағдайда авиа тасымалдаушыға немесе авиабилеттерді сату жөніндегі агентке сатып алу кезінде, бірақ ұшуға  48 сағат  қалғанға дейін хабарлау керек. Жолаушының физикалық жағдайы ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайдат асымалдаушы тасымалдаудан бас тартуға құқылы. 

Павлодар қаласының әуежайына келетін жолаушыларға қызмет көрсету

Павлодар қаласының әуежайына ұшатын рейске тіркелу кезінде міндетті түрде әуежайда Сізге қандай арнайы қызметтер мен көмек қажет екенін хабарлаңыз.

Әуе кемесі Павлодар қаласының әуежайына қонғаннан кейін азаматтық авиацияда белгіленген қағидаларға сәйкес барлық жолаушыларды түсіру аяқталғаннан кейін сізге көмек және сүйемелдеу қызметтері көрсетілетін болады.

Сізге әуекемесінен түсіру, багаж алу және қажеттілігіне байланысты автокөлікке дейін алып жүру көмегі ұсынылады. 

Багажды тіркеу және қызметкөрсету

Барлық авиакомпаниялардың рейстеріне мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды тіркеу кезексіз жүргізіледі. Қажет болған жағдайда Сізге шекара және кедендік бақылауда тіркеуден өтуге, багаж жеткізуге көмек көрсетіледі.

Әуекемесінде багажды және оның өлшемдерін тегін тасымалдау нормасын авиакомпания белгілейді. Әуекеменің бортында қолжүгін немесе тіркелген багаж ретінде жеке тасымалдау құралдарын тасымалдау кезінде шектеуді авиакомпания белгілейді. Жолаушы пайдаланатын электржетегі бар мүгедек кресло-арбасы рейске тіркелу кезінде тапсырылады. 

Әуекөлігімен қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау бойынша ИКАО Техникалық нұсқаулықтарына сәйкес, сұйық электролиті бар арбаны пайдаланатын жолаушылар кресло-арбасына аккумулятор клеммасы мен аккумулятор үшін ораманы ажырату үшін кілт/ құралдар жиынтығы өзінде болу қажет. Электр жетегі бар кресло-арба аккумуляторының  клеммасына ажыратуды және қосуды жолаушылар өздігінен немесе қызметке қажеттілік туралы сұраным бойынша – әуежай жұмыскерлері жүзеге асырады.

Күту және ӘК отырғызу 

Егер Сіз балалар мен саяхаттасаңыз, ана мен бала бөлмесін пайдалана аласыз.

Егер Сізге медициналық көмек қажет болса, бірінші қабаттағы медпунктке жүгініңіз.

Тыныс-тіршілігі шектелген жолаушылардың денсаулық жағдайына байланысты әуе кемесінің бортына ілесіп жүруді және қонуды әуежай қызметкерлері медицина қызметкерінің алып жүруімен орындайды.. 

Әуежайда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету мен байланысты барлық мәселелер бойынша тәулікбойы келесі телефон арқылы хабарласуға болады:

Әуежай анықтамасы

• +7 (7182) 661212

в начало страницы