Билеттер туралы ақпарат
Билеттерді сатып алу
Әуе компаниялар – тасымалдаушылар билеттер мен ұшуларды сатып алуымен байланысты барлық спектрлік шарттарын дербес орындайды. Бұлар әуе билеттерге тарифтерді және жеңілдіктерді, ұшудан бас тарту және билетті қайтару, әуежайда тіркелу ережелерін, тасымалдау ережелері, жүктің барынша өлшемдері мен салмағы, балалармен ұшу ережелері және т.б. анықтайды.
Негізгі ережелер мен шарттардың білместігі көбінесе жағымсыз ақша, уақыттың айырылуына және жүйкенің жұқаруына әкеп соғады.
Билетті сатып алуды және ұшуды жүзеге асырушы адам нені ескеру қажет?
Әуе билеттің құны әуе билетке тарифтері, төлемдері мен жеңілдіктері әуе компаниялармен орнатылады және көбінесе жолаушылардың дәрежесі мен сату шарттарына байланысты.
Тарифке ықпал ететін сату шарттары:
- қызмет ету дәрежесі
- Маусым
- Билет сатып алынатын уақыт
- Ұшу күнін ауыстыру және билетті қайтару мүмкіндігі
· Билет бір бағытқа немесе «сонда және кейін қарай» сатып алынады ма?
- Жеткізілетін пунктке ұшып келу мерзімі
Жеңілдіктердің негізгі санаттары
- балалар
- жастар
· зейнеткерлер үшін
Сапарға аттану алдында ұшатын күнін алдын-ала орынды жоспарлау, сондықтан тартымды арзан тарифтердің басымы 7, 14 немесе 21 күн бұрын тіркеліп билетті сатып алуды талап етеді. Жол жүруді бір айдан ұзартпауға тырысыңыз, себебі неғұрлым арзан тарифтер осы мерзімге есептелген, ал бұдан әрі билеттердің елеулі қымбаттауы байқалады.
Әуе билетті сатып алу барысында ең төмен тарифтердің шектеулі орындар саны 8-10%-дан көп емес, содан соң бұлардың сатылымы бойынша аса қымбат тарифтер ұсынылатындығын ескеру қажет. Егер көрсетілген тарифтің Сіздің сұралатын агентінізде Сізге қажетті күні болмайтын болса, басқа орында бұл тарифті іздеудің пайдасы жоқ, себебі билеттерді брондап қою жүйесі әуе компанияның барлық агенттеріне бірдей. Бұл жағдайда рейс, ұшу күнін, әуе компанияны өзгертуге талпыныңыз, егер алдын-ала іске кіріссеңіз, міндетті түрде біреуін таңдайсыз. Билетке тапсырыс беру және сатып алу кезінде оның құны бірнеше құрамалардан қалыптасатындығын ұмытпауыңыз қажет.
Жоғарыда айтылған әуе компаниямен белгіленетін тарифтен басқа, әуе билет құнына сондай-ақ әуежайлық алымдар (төлем) кіреді, бұлардың көлемі Сіздің маршрутыңыздың өтетін әуежайларға тәуелді және Сіз әуе билетті сатып алған агенттігіне еш қатысы жоқ. Әуежайлық алымдар (төлемдер) сомасы әуежайлармен белгіленеді және ауқымды шегінде өзгереді.
Кейбір билет түрлерін ресімдеу кезінде сондай-ақ комиссиялық алым алынады.
Аса арзан тарифтерді брондап қоюға болмайды, әуе компаниялардың ережелері билетті сатып алуды тапсырысты құрумен қатар немесе сол күні сатып алуды талап ететіндігін ескеру қажет. Жеңілдігі бар тарифтерді брондап қоюдың барынша мерзімі 72 сағаттан аспайды.
Әрбір нақты тарифтың, төлем көлемінің және алымдардың шарттарымен, бағасымен және нақты маршруты бойынша әуе ұшақпен ұшу толық құнын кез келген Агенттікте танысуға болады.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР! Билеттер қажетті құжаттары бар тұлғаларға ғана тіркеледі, бұл ақпарат билетке енгізіледі. Билет тіркелген тұлғаның атына ғана жарамды.
Қазіргі уақытта билеттерді тіркеу кезінде мына құжаттар ғана қабылданады:
- ҚР азаматының паспорты
- Шекаралық паспорт, Дипломатиялық паспорт (ДП), қызметтік паспорт,
- Шетелдік азаматтық ұлттық паспорты
- Азаматтығы жоқ тұлғалары үшін ҚР-ғы мекендеу қағазы
- Азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке куәлігі
- Туу туралы куәлік (балалар үшін)
- Теңізшінің паспорты (теңізшінің жеке куәлігі) – қызмет бойынша жол жүру
- Шетелдік азаматтық жеке куәлігі
- ҚР азаматының уақытша жеке куәлігі
- Азаматтық еліне қайту үшін ғана мемлекет консулдығымен берілген, жолаушы бұл елдің азаматы болып табылатын елге қайтуы туралы куәлігі
- ҚР территориясында ұлттық құжаттарды жоғалтқан жағдайда шетелдік азаматтарға ҚР ӘМ органдарымен берілген суретпен анықтама – қайту туралы куәлік алу үшін шетелдік мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қатынау үшін ғана
- ҚР, ТМД офицерінің жеке куәлігі (прапорщик)
- қызметтен өткені туралы келісім-шарт белгісі бар, Қазақстан армиясына шақыруы бойынша әскери қызметкердің әскери билеті
- Азаматтығы жоқ, босқын тұлғалардың жол жүру билеті
· БҰҰ халықаралық рұқсат қағазы – қызметтік сапарлары үшін
Тапсырысқа міндетті түрде келесі ақпарат енгізіледі:
- Жолаушының аты, тегі
- Туған жылы
- Топтамасын қоса паспорт нөмірі
· Паспорт берген мемлекет
Паспорт нөмірі билетте жазылған болу керек.
Тапсырыста немесе билетте жолаушының паспорттық деректердің болмауы тасымалдауға бас тартуы мүмкін.
Кейбір әуе компаниялардың ережелері бойынша жолаушы билетті жоғалтқан жағдайда ұшып кетуіне жіберілмейді, оның құны қайтып берілмейді, көшірме түпнұсқасы берілмейді.
Ерікті түрде ұшып кетуден бас тартқан жағдайда қолданылмаған билет ақшасының қайтарылуы тек қана билеттерді сату агенттігінде жүзеге асырылады.
Билеттің қайтару шарты пайдаланған тарифке қатысты және кең көлемде өзгереді – билеттің толық құнынан қайтаруға тыйым салынуына дейін. Билетті ала тұра міндетті түрде оның қайтару шартын біліп алыңыздар.
Әуе тасымалының қолданыстағы ережелеріне сәйкес әуе компаниялар тасымалдау жүргізу жағдайларында ұшып кетуіне шектеулер қоюы мүмкін:
- Ауру жолаушылар
- босануға таяу төрт аптасы кезеңіндегі аяғы ауыр әйелдер
- жеткізіп салушысы жоқ балалар
- өсімдіктер мен жануарлар
- музыкалық аспаптар
· жол жүгінің үлкен көлемі
Осындай жағдайларда әуе билеттерді сатып алу кезінде міндетті түрде сату жөніндегі агентті ақпараттандыру қажет. Ол Сізге бұндай тасымалдың шартын хабарлайды және қажетті жағдайда әуе компанияны ақпараттандыру үшін тапсырысқа мәліметтерді енгізеді. Әуе компания тапсырыста қажетті ақпараттың болмаған жағдайында билет бола тұра да тасымалдауға бас тартуы мүмкін.
Аяғы ауыр әйелдерге босануына таяу төрт аптасында ұшып кетуіне дәрігердің жазбаша рұқсатын ұсыну қажет. Медициналық куәландыру ұшып кетуіне дейін 7 сағат бұрын ресімделуі қажет. Кейбір әуе компаниялар жолаушылардың бұл санатын тасымалдауына қабылдамайды.
Дәрігерлермен жеті күнге дейінгі нәрестелерді тасымалдауға ұсыныс берілмейді.
Ауру жолаушылардың медициналық куәландырудан өткен анықтамасы қолда болуы қажет. Егер олардың жеке күйі ұшу қауіпсіздігіне немесе басқа жолаушыларға жайсыздық қаупі төніп тұрса, онда тасымалдаушы бұл санаттағы жолаушыларды тасымалдауға бас тарту құқығы бар.
Көлемді музыкалық аспаптарды (виолончель, контрабас және т.б.) тасымалдау үшін бұларға жеке билет алу қажет. Осыған қоса, Сіздің маңыңызда аспапқа жеке орын бөлінеді.
Уақыт, жүйке жүйесі мен ақшаны сақтау үшін сату жөніндегі агенттерге жүгініңіз. Бұнда мамандандырылған операторлар Сізге билетті сатып алу және ұшуға қатысты барлық сұрақтары бойынша ақпаратты ұсынады және оңтайлы маршрут пен аса пайдалы тарифті таңдауға көмек көрсетеді.
Билетті қайтару
Ұшып кетуден бас тарту, әуе билетті қайтару немесе ауыстыру жағдайында ескеру қажет:
- Ұшып кетуден бас тарту, әуе билетті қайтару немесе ауыстыру шарты тарифке байланысты. Жалпы ережесі мынада: билет қаншалықты қымбат болса, оны қайтару немесе ауыстыру соншалықты аса үлкен жоғалтуымен сипатталады.
- Пайдаланылмаған ұшу купондарымен бірге әуе билет негізінде қайтарылады
- Жолаушының қалауы бойынша (ерікті қайтару) ұшып кетуден бас тартқан жағдайында пайдаланылмаған билет үшін ақшаны қайтару билетті сату агенттігінде ғана жүргізіледі. Уақытында ұшып кетуден бас тартпағаны үшін (ұшып кетуге дейін бір тәулік бұрын) жолаушыдан алым (айыппұл) ұсталынады. Тарифтердің кейбір түрлері қайтару уақытына қатысы жоқ қайтаруына шектеу қояды, кейде сатып алынған билетті толығымен қайтаруға тыйым салынады.
- Жолаушыға тәуелді емес себептері бойынша ұшып кетуден бас тартқан жағдайда – рейстің кідірісі немесе өзгеруі, рейсте орын болмау және т.б. (мәжбүрлі қайтару) – ережеге сай қайтару жүзеге асырылады. Осыған қарамастан ешқандай алымдар мен айыппұлдар алынбауы тиісті.
- әуежайда әуе компания өкілдері немесе әуежайдың тіркеу қызметінің жұмыскерлері мәжбүрлі қайтару жағдайда Сіздің билетіңізде сәйкес белгі қойып, мөрмен немесе жеке мөртабанмен куәландыру қажет екенін есте сақтаңыздар. Тек осындай ғана белгі қайтаруды мәжбүрлі деп тану үшін ақшаны қайтаруды жүзеге асыратын агенттігі үшін негіз болып табылады.
· Билетті қайтару билетті сатып алу орны бойынша жүзеге асырылады.
Ұшып кету үшін қажетті құжаттар
- Кәмелетке толған жолаушылар – паспорт
- Балалар үшін – туу туралы куәлік
· Әскери қызметкерлері үшін - әскери билет
Халықаралық ұшу бойынша:
- Ересектердің шетелге баруға құқық беретін паспорт және рұқсат қағазы болуы керек. Шетелге баруға құқық беретін паспорт және рұқсат қағаз күшінің мерзімі қайта ұшу күнінен бұрын мерзімі өтпеуі қажет. Егер ұшу ауысып отырумен бірге өтсе, транзитті рұқсат қағаздар қажет болуы мүмкін.
- Балалар ата-аналарының біреуінің паспортында жазылған болуы керек немесе шетелге баруға құқық беретін паспорт болуы қажет.
· Алып барушы ата-аналарынсыз балалардың ұшуына ата-аналардың расталған нотариалдық рұқсаты қажет.
ТМД елдеріне ұшу кезінде басым елдердің саны шетелге баруға құқық беретін паспортты талап етеді.
Құжаттар күшінің мерзіміне ерекше назар аударыңыздар. Мерзімі өткен паспорттары бар жолаушылар ұшуға жіберілмейді.
Рейске тіркеу және отырғызу
Әуежайда халықаралық рейстерге тіркеу билетте белгіленген ұшатын уақытан 3 сағат бұрын басталады.
Әуежайда ішкі рейстерге тіркеу билетте белгіленген ұшатын уақыттан 1,5 сағат бұрын басталады.
Әуежайда тіркелу ұшақтын ұшатын уақытынан 40 минут бұрын аяқталады.
Тіркелу мен ұшаққа отыруына кешіккен жолаушылар ұшуға жіберілмейді.
Билетте әрқашанда жергілікті уақыт белгіленеді.
Телефон 37-12-77
Мекен-жайы: әуежай